Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

Ақтаулық Алдияр Семедьяров әлемдегі ең ақылды адамдардың тізіміне енді

Оның IQ деңгейі Вехслер шкаласы бойынша 135-тен асады, бұл әлем халқының 99 пайызының IQ деңгейінен жоғары.

Ақтаулық Алдияр Семедьяров әлемдегі ең ақылды адамдардың тізіміне енді
фото: дереккөз

23 жастағы Алдияр Семедьяров әлемнің түкпір-түкпіріндегі ең жоғары IQ деңгейіндегі адамдарды біріктіретін Mensa халықаралық қауымдастығының мүшесі деп хабарлайды Paryz.kzLada.kz-ке сілтеме жасап. 

Алдияр Ақтауда туып-өскен. 2016 жылы №4 мектеп-гимназиясын "Алтын белгімен" бітірген. ҰБТ-да 124 балл жинағаны да айтылды.

Мектеп мені тәртіпке үйретті және Назарбаев Университетінде әрі қарай оқуыма барлық пән бойынша мықты негіз берді, – дейді Алдияр Семедьяров

Университетте оқып жүргенде жігіт Work & Travel бағдарламасы бойынша Америкада, сонымен қатар Германияда Ганновердегі Лейбниц университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. Кейін Америка Құрама Штаттарына барады.

Менса халықаралық қауымдастығы туралы Алдияр алғаш рет 2016 жылы естіген.

Сол кездің өзінде мен үздік студент ретінде ресми IQ тестінен өтуге тырыстым. Өкініштісі, Қазақстанда мұны істеу мүмкін емес екенін білдім. Жалғыз талабы – ресми IQ тестінен өту, – деді ол.

Тест офлайн форматта өткен және онда 45 сұрақ болған. Аяқтауға 20 минут уақыт берілген. Бір аптадан кейін ол Менсадан хат алады, хатта қуанышты хабар бар екен. Осылайша, ол беделді ұйымға мүше болады.

Оның IQ деңгейі Вехслер шкаласы бойынша 135-тен асады, бұл әлем халқының 99 пайызының IQ деңгейінен жоғары.