"Қауіпсіздік сертификаты жарамсыз": Петропавл әуежайы жолаушыларды қабылдай алмайды

Жолаушыларға билеттер құнын толығымен қайтару ұсынылған.

"Қауіпсіздік сертификаты жарамсыз": Петропавл әуежайы жолаушыларды қабылдай алмайды
фото: дереккөз

Петропавл әуежайының қауіпсіздік сертификатының мерзімі өтіп кеткен. Осыған байланысты Қазақстанның солтүстік әуежайына ұшатын рейстер тоқтатылды деп хабарлайды Paryz.kzПетропавловск.news сайтына сілтеме жасап.

Qazaq Air әуекомпаниясының сайтында Петропавл қаласына жоспарланған рейстердің тоқтатылатыны туралы мәлімет пайда болған.

2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Петропавл әуежайының жарамдылық сертификатының қолданылу мерзімінің тоқтатылуына байланысты QAZAQ AIR әуекомпаниясы 2021 жылғы 1 желтоқсан мен 31 желтоқсан аралығындағы барлық рейстердің (IQ437 және IQ438) тоқтатылатыны туралы хабарлайды, - делінген ақпаратта.

Жолаушыларға билеттер құнын толығымен қайтару ұсынылған. Ақшаны қайтарып алу үшін билет сатып алынған жерге бару қажет.

Тамыз айында Qazaq Air Нұр-Сұлтан – Петропавл бағыты бойынша және кері қайту рейстерін қалпына келтірген еді.

Жергілікті басылым атап өткендей, бұған дейін желтоқсан айына жоспарланған Петропавл - Омбы – Новосибирск бағыты бойынша күтілетін халықаралық рейстер де кестеден жоғалып кеткен.

Түркістан-Петропавл бағытына билеттерді SCAT сайтында әлі де сатып алуға мүмкіндік бар, бірақ жақын арада олар да өзгеруі мүмкін деп қорытындылайды басылым.