Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қазгидромет толассыз жауып тұрған қардың қашан тоқтайтынына болжам жасады

Жалпы, 1- 25 қараша аралығында елордаға 45.1 мм жауын-шашын түсті. Бұл норманың екі есе асып кетуін көрсетеді.

Қазгидромет толассыз жауып тұрған қардың қашан тоқтайтынына болжам жасады
фото: astana.gov.kz

Елордада тәулік ішінде жауын-шашынның бір айлық нормасы түсті деп хабарлайды Paryz.kz, Қазгидрометке сілтеме жасап.

Елордада қарашаның 24 бастап жауған қар толассыз әлі жауып тұр. Осы аралықта 25 мм жауын-шашын түсті. Қардың биіктігі 28 см құрады. Жалпы елордада қараша айында жауын-шашын нормасы — 28 мм мөлшерін қамтыды. Солайша, бір күнде еліміздің бас қаласына айлық жауын-шашын түсті — қардың жаууы, әлі де жалғасатын болады. Гидрометорталықтың болжамы бойынша жауын-шашын сағат 16.00-де тоқтайды, - делінген хабарламада.

Жалпы, 1- 25 қараша аралығында елордаға 45.1 мм жауын-шашын түсті. Бұл норманың екі есе асып кетуін көрсетеді.

Еске салсақ, елордада қалың қар жаууына байланысты автобустар уақытынан кешігіп, қала көшелерінде көлік кептелісі байқалды. Сондай-ақ бүгін елордада екінші ауысымдағы 0-7 сынып оқушылары мектепке бармайды.