Нұр-Сұлтан қаласы әуежайының ұшып-қону алаңы сағат 09.00-де қайта ашылды.
Елорда әуежайында қардың мол жаууына байланысты бірқатар рейс кешіктіріліп жатыр деп хабарлайды Paryz.kz.
Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті мәлімдеді.
Ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты, қардың мол түсуіне орай түнгі сағат 02.30-дан бастап елорда әуежайы ұшып-қону алаңын тазарту мақсатында уақытша жабық болды. Күн райының бұзылуынан ұшып шығуы тиіс 12 рейс, ұшып келуі тиіс 9 рейс кешігуде (қосымша аэродромға жөнелтілді).
Нұр-Сұлтан қаласы әуежайының ұшып-қону алаңы сағат 09.00-де қайта ашылды.
Жолаушыларға авиакомпаниялардың анықтама қызметтеріне хабарласуды сұраймыз, - делінген хабарламада.
Ұшып шығуға кешіктірілген рейстер:
KC956, Алматы
FZ 1706, Дубай
КС 921 Франкфурт
КС 407 Шымкент
DV 741 Ақтау
КС 207 Дубай
КС 981 Атырау
КС 622 Алматы
КС 7315 Қызылорда
SU 1957 Мәскеу
КС 123 Ташкент
КС 977 Ақтөбе.
Ұшып келуге кешіктірілген рейстер:
IQ 386 Қарағанды
DV 722 Ақтөбе
КС 984 Атырау
КС 7328 Шымкент
КС 314 Ақтау
КС 138 Санкт-Петербург
FZ 1705 Дубай
SU 1956 Мәскеу
КС 918 Алматы
* КС (3 цифрлары) - Air Astana
КС (4 цифры) - FlyArystan
IQ - Qazaq air
FZ - Fly Dubai
DV - SCAT
SU - Aeroflot