Ол "А" қызметінің қызметкерлері – еркі мұқалмайтын өжет әрі батыл адамдар, нағыз патриоттар екенін, олар ұлттық қауіпсіздік қауіп-қатеріне жедел ден қою үшін ұдайы жауынгерлік әзірлікте тұрғанын атап өтті.
ҰҚК төрағасы генерал-лейтенант Кәрім Мәсімов "А" арнайы мақсаттағы қызметінің құрылғанына 5 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өткізіп, құттықтау тілегін білдірді деп хабарлайды Paryz.kz.
Төраға ардагерлерді, қызметкерлер мен офицерлердің отбасы мүшелерін құттықтап, барлығына мықты денсаулық және Отан игілігі жолындағы күрделі қызметте жетістіктер тіледі.
Ол "А" қызметінің қызметкерлері – еркі мұқалмайтын өжет әрі батыл адамдар, нағыз патриоттар екенін, олар ұлттық қауіпсіздік қауіп-қатеріне жедел ден қою үшін ұдайы жауынгерлік әзірлікте тұрғанын атап өтті. Қызмет офицері болу құқығына тек дене күші, психологиялық және интеллектуалдық көрсеткіштері бойынша қатаң іріктеуден өткен әскери қызметшілер ғана ие, – деп жазды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, «А» арнайы мақсаттағы қызметі 2016 жылғы 22 қарашада президенттің Жарлығымен құрылған.
Бөлімше аты аңызға айналған ҰҚК "Арыстан" қызметінің құқықтық мирасқоры болып табылады және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "жауынгерлік қанаты" саналады. Оның негізгі міндеті - терроризмге қарсы күрес және ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел іс-шараларын күшпен қолдау.