Елордалықтар аспаннан түскен жұмбақ жарқылға куә болды (ВИДЕО)

Тағы бір елорда тұрғыны кометаға ұқсас нәрсе көргенін атап өтті.

13 қарашада кешке Нұр-Сұлтан мен қала маңындағы тұрғындар аспандағы жұмбақ жарқылды байқады деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Кейбір куәгерлер метеорит көргендерін хабарлады.

Жарқыл шамамен 19.25-те болған. Бұл туралы бірінші елорданың сол жағалауы мен Қосшы тұрғындары хабарлады. Куәгерлер жарқылдың найзағайға ұқсамайтынын айтты.

Құбылыс көшедегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Бұл жағдай бойынша мәлімет түскен жоқ, - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі.

Сол уақытта "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ештеңе ұшпаған. Кейбір азаматтар метеориттің салдарынан болды деп санайды.

Аспаннан ақ шар ұшты, артында қызыл құйрығы бар. Мүмкін метеор. Қаладан тыс жерде Талдыкөл көлі ауданында. Жерге жетпеді, бірақ аспанға бірнеше секунд жарық берді, - деді куәгерлердің бірі.

Тағы бір елорда тұрғыны кометаға ұқсас нәрсе көргенін атап өтті.