Үш облыста да қатты жел тұрады.
25 қазанда Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды деп хабарлайды Paryz.kz.
"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, батыста, облыстың солтүстігінен соқан жел екпіні 15-20 м / с құрайды. Петропавлда 25 қазанда түнде екпіні 15-20 м / с болатын оңтүстік -батыстан қатты жел тұрады деп күтіледі.
Сондай-ақ 25 қазанда Батыс Қазақстан облысында жел батыстан, солтүстік-батыстан, күндіз облыстың батысында ұйытқиды, екпіні -15-20 м / с.
Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ойысып, ұйпа-тұйпа желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.