Оған қоса, ауа температурасы түнде -3, +2 градусқа дейін төмендейді, күндіз 2-10 градус аралығында болады.
Синоптиктер 21-23 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады деп хабарлайды Paryz.kz.
Ресейдің Мурманск қаласы жағынан келген жаңбыр мен қар аралас циклон салдарынан 22 қазанда еліміздің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда нөсер жауын жауады, көктайғақ болып, жел күшейеді.
Солтүстікте, орталықта және шығыста боран соғуы ықтимал. Оған қоса, ауа температурасы түнде -3, +2 градусқа дейін төмендейді, күндіз 2-10 градус аралығында болады.
22 қазаннан бастап еліміздің батыс өңірлеріне антициклон әсер етеді. Осыған байланысты жауын-шашын біртіндеп тоқтап, күндіз ауа температурасының 15-22 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.