Үнді жазын Қазақстан аумағына әкелген антициклон еліміздің шығысында ғана жауын-шашынсыз жылы ауа райын сақтайды.
Қазақстан бойынша 2021 жылдың 19-21 қазанына арналған ауа райы болжамы жарияланды деп хабарлайды Paryz.kz
Үнді жазын Қазақстан аумағына әкелген антициклон еліміздің шығысында ғана жауын-шашынсыз жылы ауа райын сақтайды.
Республиканың қалған бөлігіне Мурманск аудандарынан келген циклон әсер ете бастайды.
Ол ел аумағы арқылы жылжып, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ, желдің күшеюін, солтүстікте төменгі боран мен ауа температурасының төмендеуіне әкеледі.