Ұлттық банктің доллардың ресми бағамы 15 қазандағы жағдай бойынша 425,77 теңге.
Теңгеге қатысты доллар курсы арзандап жатыр деп хабарлайды Paryz.kz.
Қазақстан қор биржасының KASE мәліметтеріне сәйкес, таңертеңгі сауда-саттық нәтижесінде доллардың орташа бағамы 0,14 теңгеге төмендеп, 425,63 теңгені құраған.
Kurs.kz мәліметіне қарағанда, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа бағамы 425,32 теңге, сату бағасы - 426,84 теңге. Нұр-Сұлтандағы айырбас орындарында америкалық валюта орташа 425,12 теңгеден сатып алынады және 426,24 теңгеден сатылады.
Ұлттық банктің доллардың ресми бағамы 15 қазандағы жағдай бойынша 425,77 теңгені құрайды.