Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Елімізде Telegram, Twitter мен YouTube істемей қалды

Сонымен қатар екі сервистің де мобильді қосымшаларында проблемалар бар.

Елімізде Telegram, Twitter мен YouTube істемей қалды
фото: ашық дереккөз

Telegram әлеуметтік желісі жұмыс істемей қалған уақыттан жарты сағат өткеннен кейін Twitter мен YouTube видеохостингі де істен шыққан. Бұған интернет-ресурстардың тұрақтылығын бақылайтын Downdetector қызметінің деректері дәлел деп хабарлайды Stan.kz.

Шағымдардың көпшілігі сайт жұмысындағы кедергілерге қатысты түскен. YouTube платформасының жүгінушілері видео көре алмай жатқанын айтса, Twitterде жеке аккаунтқа кіруде қиындықтар байқалған. Сонымен қатар екі сервистің де мобильді қосымшаларында проблемалар бар.

Бұған дейін Telegram жаңа қолданушылардың жаппай өсуіне байланысты істен шыққан болатын. Бұл Facebook, Instagram және WhatsApp қызметтерінің жұмысындағы тоқтаулар барысында болған. Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукерберг осы ақаулардан соң 6,6 млрд доллар жоғалтқан.