Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Нұр-Сұлтаннан Қытайға мамонттың мүйізін әкетпек болған ресейлік ұсталды

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Нұр-Сұлтаннан Қытайға мамонттың мүйізін әкетпек болған ресейлік ұсталды
фото: дереккөз

Қаржы мониторингі агенттігінің елордалық департаменті Ресей Федерациясының азаматына қатысты артефактілердің экономикалық контрабандасы фактісі бойынша тергеуді бастады деп хабарлайды Paryz.kzzakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Ресей Федерациясының азаматы Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайы арқылы жалпы салмағы 2 мың кг-дан асатын мамонттардың азуы мен жүнді мүйізтұмсықтардың мүйізін Қытай Халық Республикасына контрабандалық жолмен әкетуге тырысқаны анықталды.

Тауарды жөнелтуші – Мәскеу қаласындағы ЖШҚ директоры. Палеонтологиялық материалдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және одан әрі ҚХР-ға жіберу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласында ЖШС тіркеліп, директоры болып Ресей Федерациясының азаматы тағайындалған.

Мамандардың қорытындыларына сәйкес мамонттар мен жүнді мүйізтұмсықтардың қазба қалдықтарының зерттелген барлық бөлігі палеонтологиялық аретфактілердің ғылыми-тарихи, мәдени құндылығы бар әрі бірегей. Зерттелген қазба қалдықтарының барлық бөлігінің құны 173 миллион теңгені құрайды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мәдени құндылықтарды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге тыйым салынады.

Осылайша, ұсталған азамат аса ірі көлемде экономикалық контрабанда жасады деген күдікке ілінді.

2021 жылғы 1 қазанда күдікті ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.