Ashyq қосымшасы тағы да істемей қалды

Еске салсақ, бұған дейін де Ashyq қосымшасында техникалық ақаулар болған еді.

Ashyq қосымшасы тағы да істемей қалды
фото: ашық дереккөз

Ashyq қосымшасында тағы да техникалық ақау болды деп хабарлайды Paryz.kz.

Осыған байланысты қосымшаның Telegram-арнасында хабарлама жарияланды.

Құрметті Ashyq қызметін пайдаланушылар, қазір қосымшаның техникалық ақауларына тап болып отырмыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз! - делінген хабарламада.

Алайда арада біршама уақыт өткенде ақау қалпына келіп, тағы хабарлама жарияланды. 

Құрметті қолданушылар! Ақау қалпына келтірілді! Орын алған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз! - деп хабарлады.

Еске салсақ, бұған дейін де Ashyq қосымшасында техникалық ақаулар болған еді.