Оның осы видеосы желіде тарп кетті.
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков Мұстафа Өзтүрікке арналған саябақтың ашылуында Мұстафа Ататүрік деп әбден шатасты деп хабарлайды Paryz.kz, Express Qazaqstan-ға сілтеме жасап.
Түркияның Стамбұл қаласында Қазақстандағы таэквондо федерациясының негізін қалаушы, спорттың сайыпқыран саңлағы Мұстафа Өзтүрік атындағы түрік-қазақ достығы мен бауырластығы саябағы ашылған болатын. Өйткені Мұстафа Өзтүрік осы елде дүниеге келген. Саябақтың ашылу салтанатына еліміздің делегациясы атынан Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков барған. Ол құттықтау сөзінде Мұстафа Өзтүрікті Түркия Республикасының негізін қалаушысы, реформатор Мұстафа Ататүрікпен шатастырып алды. Оның осы видеосы желіде тарп кетті.
Құрметті қауым, қадірлі ағайындар! Бүгін тарихи күн! Киелі, қасиетті Стамбұл қаласының төрінде мынандай ғажап саябақ ашылып отыр. Біздің бауырымыз Мұстафа Ататүрік атынан. Мұстафа Ататүрік екі халыққа бірдей, түрік пен қазақ халқына, - деді Зауытбек Тұрысбеков.