Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қазақстанда жайылым жер тапшылығы 29 млн гектардан асып кеткен

Оның айтуынша, билік тарапынан пайдаланылмаған жерлерді тартып алу бойынша жүргізілген жұмыстар жағдайды жақсартпайды.

Қазақстанда жайылым жер тапшылығы 29 млн гектардан асып кеткен
фото: ашық дереккөз

Ел бойынша жайылымдар жетіспеушілігі қазірдің өзінде 29 миллион гектардан асты, бұл шаруалардың толық жұмыс істеуіне мүмкіндік бермейді. Сенатор Ольга Булавкина Парламент палатасының жалпы отырысында осындай мәлімдеме жасады деп хабарлайды Paryz.kz

Ел бойынша жайылымдардың жетіспеушілігі қазірдің өзінде 29 миллион гектардан асты, бұл шаруалардың толық жұмыс істеуіне мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар қолда бар жерлерде тым қарқынды мал жаю жерді тоздырып жібереді. Салдарынан ауыл шаруашылығы жерлері топырақ эрозиясына ұшырап, малдың жемі қымбаттайды, – деді депутат Ольга Булавкина.

Оның айтуынша, билік тарапынан пайдаланылмаған жерлерді тартып алу бойынша жүргізілген жұмыстар жағдайды жақсартпайды. Бұл процедура екі жылға дейін созылады немесе одан да көп уақыт алады. 

Қорытындылай келе, ол Сенат жайылымдарды пайдалану туралы заңды жетілдіру бойынша жұмыс істеп жатқанын атап өтті.