Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Азия Авто" бас акционері Ресейге қашып кетті: Бас прокуратура түсініктеме берді

Қазіргі кезде тергеу органдары күдіктінің азаматтығын ауыстырумен байланысты барлық жағдайды тексеруде.

"Азия Авто" бас акционері Ресейге қашып кетті: Бас прокуратура түсініктеме берді
фото: ашық дереккөз

Бас прокуратура "Азия Авто" бас акционері Анатолий Балушкиннің Ресей Федерациясының аумағында іздеу тоқтатылғаны туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды Paryz.kz, Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бас прокуратурада кәсіпкерді Ресей Федерациясы аумағында іздестірудің тоқтатылғаны туралы ақпарат жоқ. Қазір күдіктінің азаматтығы өзгеруіне байланысты мән-жайларды тергеу органы тексеріп жатыр, - деп хабарлады бас прокуратура. 

Қаржы мониторингі агенттігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және ІІМ қызметкерлерінен құрылған ведомствоаралық жедел-тергеу тобы ақша ұрлады деген күдікке ілінген "Азия-Авто" АҚ компаниялар тобының басшыларына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлімі 2-тармақшасы бойынша тергеу амалдарын жүргізуде.

28 шілдеде А.М. Балушкиннің ("АЗИЯ АВТО" АҚ бас акционері және компаниялар тобы Директорлар кеңесінің төрағасы) әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлімі, 2-тармақшасы бойынша бағаланып, сот оған қатысты сырттай "қамауға алу" түрінде бұлтартпау шарасын санкциялаған. 12 тамызда Балушкинге халықаралық іздеу жарияланған, - деп хабарлады Бас прокуратура баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде тергеу органдары күдіктінің азаматтығын ауыстырумен байланысты барлық жағдайды тексеруде.