Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қар, көктайғақ, тұман: Еліміздегі алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Жауын-шашынның соңы көктайғаққа ұласады.

Қар, көктайғақ, тұман: Еліміздегі алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
фото: ашық дереккөз

"Қазгидромет" РМК 30 қыркүйек пен 2 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлайды Paryz.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, орталығында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр мен қар күтіледі. Оған қоса, жауын-шашынның соңы көктайғаққа ұласады.

Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Қазанның бірінен бастап солтүстік-батыс антициклонның батыстан шығысқа қарай ығысуына байланысты жауын-шашын тоқтатап, ауа температурасының одан әрі төмендеуі күтіледі: түнде солтүстікте, шығыста және орталықта 1-6 градус аяз болып, күндіз 2-7 градусқа дейін төмендейді;

солтүстік-батыста түнде сынап бағанасы 6 градусқа дейін төмендейді, күндіз 3-13 градус аралығында жылы болады;

оңтүстік өңірлерде түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз ауа температурасы 8-13 градусқа дейін төмендейді;

еліміздің батысында ғана түнде 5 градус, күндіз 10-15 градус пен 13-18 градус аралығында жылы болады деп болжануда.