Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Павлодар мұнай-химия зауыты жұмысын тоқтатады

Зауыт мұнай өнімдерінің бірнеше түрін өндіреді.

Павлодар мұнай-химия зауыты жұмысын тоқтатады
фото: ашық дереккөз

Биыл 1 қазанда Павлодар мұнай-химия зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстары басталады. Сол кезеңде зауыт жұмысын тоқтатады деп хабарлаqды Paryz.kz, кәсіпорынның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жөндеу жұмыстары барлық технологиялық құрылғыларда жүргізілетін болады. Жөндеу қазанның соңына дейін аяқталып, зауыт толыққанды жұмыс істеуге көшеді деп жоспарланған.

Зауыт жұмысы тоқтаған уақытта өзге қазақстандық мұнай өңдеу кәсіпорындары (Атырау және Шымкенттегі зауыт) күшейтілген режимде жұмыс істейтін болады, - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, елдегі мұнай өңдеу зауыттарында жоспарлы жөндеу жұмыстары жылда кестеге сай жүргізіледі. Күрделі жөндеу үш жылда бір рет жүзеге асырылады. 2018 жылдан бері мұнай өңдеу зауыттарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ.

Биыл жөндеу жұмыстарының уақыты екі рет шегерілді. Бірінші рет жоспарлы жөндеу жұмысы шілдеден қыркүйекке, кейін қыркүйектен қазанға ауыстырылды.

Жөндеу жұмыстарын шегерудің негізгі себебі ішкі нарықтағы жанар-жағар май тұрақтылығын қамтамасыз ету және егін ору науқаны кезіндегі сұранысты өтеу, - дейді кәсіпорындағылар.

Павлодар мұнай-химия зауыты мұнай өнімдерінің бірнеше түрін өндіреді. Олардың қатарында түрлі маркалы автокөлік жанармайы, дизельдік отын, реактивті отын, техникалық күкірт, битумның бірнеше түрі, мұнай коксі, техникалық көміртек өндіруге арналған шикізат бар.