20.09.2021, 17:18

Мемлекеттік органдардың сайттары жұмыс істемей қалды

фото: ашық дереккөз

Әкімдіктердің веб-сайтын ашар кезде, «Тілдерді жүктеу» жазуы пайда болады. 

Еліміздегі мемлекеттік органдардың сайттары жұмыс істемей қалды. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ осындай ақпарат таратты деп хабарлайды Paryz.kz

Иә, білдік, бір сағаттай жұмыс істемейді. Техникалық ақаулар, – деді «ҰАТ» АҚ баспасөз қызметі

Әкімдіктердің веб-сайтын ашар кезде, «Тілдерді жүктеу» жазуы пайда болады. Дәл осындай жағдай облыс әкімдіктері мен министрліктердің сайттарына да қатысты.