19.09.2021, 16:10

Алматы облысы аумағында жер сілкінді

фото: ашық дереккөз

Дүмпулер қанша балға сезілгені туралы мәлімет жоқ. 

19 қыркүйекте, яғни бүгін таңертең Алматы облысының аумағында жер сілкінісі болды деп хабарлайды Paryz.kz

2021 жылдың 19 қыркүйегінде Алматы уақытымен сағат 9.01-де жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 187 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан, - делінген Қазақстанның сейсмологиялық қызметінің сайтында.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8.1. Тереңдігі - 15 шақырым.

Дүмпулер қанша балға сезілгені туралы мәлімет жоқ.