Қазақстандағы Сары-Шаған полигонын Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі жалға алып отыр.
Ресейдің әуе-ғарыш күштері зымыранға қарсы жаңа жүйені Сары-Шаған полигонында сынақтан өткізді деп хабарлайды Paryz.kz, sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Бұған дейін Ресейдің Қорғаныс министрлігі 2017-2021 жылдары Сары-Шаған полигонында зымыранға қарсы жаңа жүйенің он рет сынақтан өткізілгенін хабарлаған еді.
Қазақстандағы Сары-Шаған полигонын Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі жалға алып отыр. Полигонда сынақ базасының объектілері бар, бұл жерде зымыранға қарсы қорғаныс жүйелерін толыққанды сынап көруге мүмкіндік жасалған.