Республикамыздың солтүстік аймақтарында әлі де салқын және әрі құбылмалы ауа-райы сақталады, жаңбыр жауады.
Синоптиктер 14-16 қыркүйектегі ауа райы болжамымен бөлісті деп хабарлайды Paryz.kz.
Республикамыздың солтүстік аймақтарында әлі де салқын және әрі құбылмалы ауа-райы сақталады, жаңбыр жауады. Бұған солтүстік-батыс циклонның ойысып жетуімен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер ықпал етеді. Еліміздің қалған аумағында болса, жоғары атмосфералық қысым аясында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады деп болжанады.
Еліміздің батысында, солтүстік-батысында ауа температурасы түнде +3-15 градус, күндіз +20-28-ден +15-20 градусқа дейін төмендейді, солтүстікте түнде сынап бағаны +2-13 градус, 14 қыркүйекте -2 градус үсік жүреді, күндіз +15-25 градус, орталықта және шығыста 12 градус, түнде -3 градус үсік жүреді, күндіз +13-23-тен +20-28 градусқа дейін сынап бағаны көтеріледі, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасы +10-18 градус, күндіз +23-30 градус жылы болады, - делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.