Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Павлодарда танымалдық үшін жолда сальто жасаған жігіт жазаланды

Павлодарда танымалдық үшін жолда сальто жасаған жігіт жазаға тартылды. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жас жігіт әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2 АЕК көлемінде айыппұл арқалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Павлодарда танымалдық үшін жолда сальто жасаған жігіт жазаланды
Baq.kz

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік желідегі көрушілер мен жазылушылар санын көбейту үшін адамдар өз өмірлерін адам ойына келмейтін қауіп-қатерге тігеді.

Мәселен, 13 қыркүйекте полицияға 19 жастағы павлодарлықтың сальто жасап жатқан видеосы түскен.

Кадрларда жас жігіттің облыстық әкімдік маңындағы жаяу жүргіншілер өткелінде бес рет сальто жасағаны көрсетілген. Бұл кезде бағдаршамдарда көліктердің жүруіне тыйым салатын белгі жанып тұрған. Оның бұл әрекетін видеоға өтіп бара жатқан куәгер түсірген көрінеді. Видео «гимнаст» тротуарға оралғанда аяқталады, - дейді ПД баспасөз қызметінде.

Жас жігіт полиция бөлімінде өзінің бұл әрекетін интернеттегі парақшасын қызық етіп, жазылушылардың санын көбейту үшін жасағанын айтып түсіндірген. Тәртіп бұзушы еш жерде жұмыс істемейді және оқымайды. 

Жаяу жүргіншілер өткелінен өтудің әдеттен тыс және өте қауіпті тәсілі үшін ол ҚР ҚӘКК 615-бабының 1-бөлігі – «жаяу жүргіншілер мен басқа да жол қозғалысына қатысушылардың жол ережелерін бұзуы» бойынша жазаға тартылды.