Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Депутаттар ондаған азаматтың телефонын тыңдауға рұқсат берген судьяны қызметтен алуды талап етті

31 тамызда белсенділер 2021 жылғы қаңтарда сот жүзге жуық азаматтың телефонын тыңдауға рұқсат бергенін мәлімдеген.

Депутаттар ондаған азаматтың телефонын тыңдауға рұқсат берген судьяны қызметтен алуды талап етті
фото: ашық дереккөз

Жогорку Кенеш депутаты Мирлан Жээнчороев парламенттің 8 қыркүйектегі отырысында Бішкектің Бірінші Май аудандық сотының милицияға ондаған азаматтың телефонын тыңдауға рұқсат берген судьясын қызметтен алуды талап етті. Телефоны тыңдалғандар арасында саясаткерлер, депутаттар да бар деп жазады "Азаттық радиосы".

Судья Чынгызбек Бердимуратов заңды өрескел бұзды. Сол себепті Жогорку кеңеш атынан судьялар кеңесінің тәртіп комиссиясына хат жолдау керек. Депутаттар қауіпсіздік құқығына ие. Заң бойынша, оларға қатысты қылымыстық істі Жогорку Кенеш келісімімен ғана қозғалады, содан кейін ғана тергеу амалдары жүргізіледі, - деді депутат.

Ал депутат Дастан Бекешев болса осы мәселеге қатысты ІІМ мәліметін тыңдауды ұсынды. Ол да депутат иммунитетін еске салып, күш құрылымдарының әрекетін заңсыз деп атады.

31 тамызда белсенділер 2021 жылғы қаңтарда сот жүзге жуық азаматтың телефонын тыңдауға рұқсат бергенін мәлімдеген. Бірінші май аудандық соты "судья заңды шешім қабылдады" деп жауап берген.