Шекара қызметінің қызметкерлері жедел әрекет етіп, жүк көлігін тоқтатып үлгерді, ауғандық босқын аман қалды.
Белорусь мемлекеттік Шекара комитеті Латвия шекарасында жүк көлігінің астына түспек болған ауғандық босқынның видеосын жариялады деп хабарлайды Paryz.kz, Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 3 қыркүйек Ауғанстаннан 15 мигрант келген Григоровщина-Патерниеки өткізу бекетінде болған. Олар Латвияда босқын мәртебесін беру туралы оныншы рет өтініш беруге тырысқан.
Мәселесі шешілмеген босқын Латвиядан Беларусь аймағына кетіп бара жатқан жүк көлігінің астына секірген. Ол, осылайша, ауған босқындарды қабылдағысы келмеген латвиялықтардың назарын аударуға тырысқан.белар
Белорусь Шекара қызметінің қызметкерлері жедел әрекет етіп, жүк көлігін тоқтатып үлгерді, ауғандық босқын аман қалды.