Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Ауғанстанда аспанға оқ атуға тыйым салынды

Жексенбіде тиісті өкімнің мәтінін қозғалыс өкілі Забихулла Муджахид Twitter-де жариялады.

Ауғанстанда аспанға оқ атуға тыйым салынды
фото: ашық дереккөз

«Талибан» радикалды (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) қозғалысы жергілікті әкімшіліктер мен әскерилерге бүкіл Ауғанстан аумағында әуеге оқ атуға тыйым салуға нұсқау берді деп хабарлайды Paryz.kz, Қазақпарат-қа сілтеме жасап. 

Жексенбіде тиісті өкімнің мәтінін қозғалыс өкілі Забихулла Муджахид Twitter-де жариялады.

Сонымен  қатар Ауғанстан Ислам әмірлігінің (тәліптердің өзін-өзі атауы) Әскери істер жөніндегі комиссиясы қол қойған нұсқаулықта «Кабулда және елдің басқа да қалаларында әуеге оқ жаудыру адамдардың өліміне және жарақаттануына, сондай-ақ бейбіт тұрғындар арасында үрей тудыратыны» жазылған.

Тағы оқи отырыңыз: 17 адам қаза тапты: Панджшерді жаулап алғанын тойлаған тәліптер аспанға оқ атқан

Осыған байланысты Кабул мен провинциялардағы барлық әскери шенеуніктер, командирлер және басқа да жауапты адамдарға аспанға оқ атқандарды дереу тұтқындап, қарусыздандыру тапсырылды. Кабул мен провинцияның полиция басшыларына, сондай-ақ барлау қызметкерлеріне құқық бұзушыларды анықтау және жазалау үшін жедел және қатаң шаралар қабылдауға нұсқау берілді, – делінген тәліптер нұсқауында.