Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Қытай компартиясының ресми газеті қазақ тіліндегі сайтын іске қосты

Silkroad News хабарлағандай, қазіргі уақытта «Жэньминьван» сайты ағылшын, жапон, француз, испан, орыс, араб, корей, неміс және португал тілдерінде ұсынылған.

Қытай компартиясының ресми газеті қазақ тіліндегі сайтын іске қосты
фото: ҚазТАГ

Қытай коммунистік партиясының ресми газеті – «Жэньминь жибао» қазақ тілді сайтты іске қосты деп хабарлайды Paryz.kzSilkroad News сайтына сілтеме жасап.

Бүгін «Жэньминьван» сайты («Жэньминь жибао» газетінің онлайн-нұсқасы) қазақ, итальян және суахили тілдеріндегі нұсқаларын ресми түрде іске қосты. Осы үш тілдегі нұсқалар саясат, экономика, мәдениет, ғылым және білім, сондай – ақ Қытайдың әлеуметтік өмірі туралы тиісті аудиторияға ақпарат беруге бағытталған, - делінген хабарламада.

«Жэньминьван» сайты ҚХР мен «тиісті аудандарының интернет-пайдаланушылары арасында қарым-қатынас және өзара түсіністік бойынша жаңа платформа құру үшін белсенді күш-жігер жұмсайтыны атап өтілді».

Итальян, қазақ және суахили тілдеріндегі нұсқалардың іске қосылуы «Жэньминьван» сайтының редакциясына көптілді, мультитерминалды, мультимедиялық, жаһандық және толық форматты алдыңғы қатарлы халықаралық БАҚ-ты құруға негіз қалауға көмектеседі. Үш тілдегі нұсқаларды іске қосу «Жэньминьван» сайтының халықаралық алаңдағы ақпаратты тарату тиімділігін арттыру бойынша маңызды шара болып табылады. Сайтының редакциясы «әр түрлі аудандарға, елдер мен аудитория топтарына сәйкес келетін ақпараттандырудың нақты әдістерін қолдануға» күш салуда, Қытайдың тарихы мен дауысын әлемге, аймақтарға және халықтың әртүрлі топтарына жеткізуге тырысады. Қытай туралы әңгімелейді. Қытай дауысын таратады. Нақты, көп форматты және жан-жақты Қытайды көрсетеді, - делінген хабарламада.

Silkroad News хабарлағандай, қазіргі уақытта «Жэньминьван» сайты ағылшын, жапон, француз, испан, орыс, араб, корей, неміс және португал тілдерінде ұсынылған. Қазақ, итальян және суахили тілдеріндегі нұсқалары іске қосылған кезде «Жэньминьван» сайты 12 шет тілінде қолжетімді болады.