Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Сардоба апатына кінәлі 17 адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Олардың жетеуі қамауға алынып, 6 айыпталушы кепілдікпен, 4 адам қолхатпен уақытша босатылған.

Сардоба апатына кінәлі 17 адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: azattyq.org

Өзбекстанның Сардоба су қоймасындағы апатқа жол берген 17 азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Өзбекстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің директоры Акмал Бурхонов мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kzУзА  ұлттық ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

"Қазіргі уақытта тергеу органы бөгетті жобалау, салу және пайдалану жұмыстарында олқылықтарға жол берген 17 тұлғаны анықтады. Оның ішінде: тапсырыс беруші "Сирдарё сув қурилиш инвест", жобалаушы "UzGip" ЖШҚ, бас мердігер "Узтемирйулкурилишмонтаж", "Резаксой сув курилиш", "Омад Дубль" ЖШҚ, "Сариосиё қурилиш" ЖШҚ, "Транс Сервис Комплекс" ЖШҚ, "Тупаланг Шеробод", Су шаруашылығы министрлігі және кешенді пайдалану дирекциясының лауазымды тұлғалары Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 167, 203, 205, 207, 209, 258 баптарына сәйкес айыпталуда. Бүгінде 7 күдікті қамауға алынды, 6 айыпталушы кепілдікпен, 4 адам қолхатпен уақытша босатылды", - деді Акмал Бурхонов.

Оның мәлімдеуінше, Сардобадағы апатқа қатысты зерттеу жұмыстарын тиісті ведомстволардың білікті мамандарынан құралған арнайы комиссия жүргізеді. Қазіргі таңда кінәлілерді анықтаумен қатар, келген шығынды өндіріп алу бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 2 мамырында Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып, елді мекендерді су басып, коммуникациялық желілер мен егістікке зақым келген еді. Осы апатқа байланысты қосымша өзге де зардаптардың алдын алу мақсатында таяуда қазақстандық мамандар Сардоба су қоймасына техникалық аудит жүргізу үшін Өзбекстанға барады.