Еске сала кетсек, 26 тамызда Жамбыл облысының әскери бөліміндегі оқ-дәрілер қоймасында жарылыс болып, бес адам қайтыс болды.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қазақстандықтар мен Мемлекет басшысына Жамбыл облысындағы әскери бөлімдегі жарылыс кезінде қаза болғандарға байланысты көңіл айтты деп хабарлайды Paryz.kz.
Адам өліміне әкеліп соққан жарылыс туралы хабарды естігенде қабырғам қайысты. Қырғыз Республикасы және өзімнің атымнан қаза болғандардың отбасы мен жақындарына көңіл айтамын. Апат салдарынан зардап шеккен жандардың тезірек сауығып кетуіне тілекшіміз. Қайғыларыңызға ортақпыз, - деп жазылған Қырғызстан президентінің ресми сайтында.
Еске сала кетсек, 26 тамызда Жамбыл облысының әскери бөліміндегі оқ-дәрілер қоймасында жарылыс болып, бес адам қайтыс болды.