Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Бішкектегі шерушілердің ішінде қаза тапқандар бар

Одан бөлек, 590 адам түрлі деңгейде зардап шеккен.

Бішкектегі шерушілердің ішінде қаза тапқандар бар
Фото: zakon.kz

6 қазан күнгі сағат 08:00-дегі жедел мәлімет бойынша, денсаулық сақтау ұйымдарына қаладағы тәртіпсіздіктерден зардап шеккен 590 адам келген. Олардың арасында 439 адам алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң, амбулаторлық ем алуға жіберілді.

Зардап шеккен 150 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Соның ішінде 13 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы paryz.kz Қырғызстанның КАБАР агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Бішкектегі Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығына зардап шеккен 288 адам келіп түскен. Соның ішінде 69 адам ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккен 5 адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Ұлттық госпитальге зардап шеккен 164 адам жеткізілді. Соның ішінде 58 адам ауруханаға жатқызылған. 6 адам жансақтау бөлімінде жатыр, 1 адам қайтыс болды (белгісіз ер адам, азиялық ұлт).

№1 қалалық клиникалық ауруханаға зардап шеккен 30 адам жеткізілген. Соның ішінде 23 адам амбулаторлық ем алуға жіберілді. 7 адам ауруханаға жеткізілген, соның ішінде біреуі жансақтау бөлімінде жатыр.

Шу облыстық ауруханасына 93 адам келіп түскен, 90 адам амбулаторлық ем алуға жіберілді. Үшеуі ауруханаға жатқызылған, бір адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Ұлттық хирургия орталығына 15 адам келіп түскен, соның ішінде екеуі амбулаторлық ем алуға жіберілді, 13 адам ауруханаға жатқызылды.