Видеодан олардың Ауғанстанның туымен көшеге жаппай шыққанын аңғаруға болады.
Resistence has three Colours Red green and black seen on the streets of Kabul.#IndependenceDayAfghanistanpic.twitter.com/QfNsOEZIGl
— Ihtesham Afghan (@IhteshamAfghan) August 19, 2021
The people of Jalalabad have broken the chains of fear. The people have raised their national flags and are celebrating independence.#IndependenceDayAfghanistan pic.twitter.com/hTgtLMdwIW
— Ashwani Mishra अश्वनी मिश्र🇮🇳 (@mishra167) August 19, 2021
Тәліптер Ауғанстанның тәуелсіздік мерекесін тойлап, "әлемнің азулы державасын" жеңгенін мәлімдеді деп хабарлады Paryz.kz, Al Jazeera-ға сілтеме жасап.
Бақытымызға орай, бүгін Ұлыбританиядан азаттық алған күнімізді атап өтудеміз. Сонымен қатар, джихадқа қарсы тұруымыздың нәтижесінде әлемнің басқа азулы державасын,яғни, Америка Құрама Штаттарын Ауғанстанның қасиетті аумағынан шегінуге мәжбүр еттік" - дейді тәліптер.
Әлеуметтік желілерде ауғандықтардың бұл мерекені қалай атап өтіп жатқаны туралы кадрлар да тарады. Видеодан олардың Ауғанстанның туымен көшеге жаппай шыққанын аңғаруға болады.
Айта кетейік, 1919 жылдың 19 тамызынан бері Ауғанстан тәуелсіздік күнін атап өтеді. Дәл осы күні елдегі британиялық биліктің күші жойылғаны туралы келісімшартқа қол қойылды.
Еске сала кетейік, 15 тамыз күні "Талибан" Ауғанстан астанасы Кабулды ұрыссыз бағындырды.