Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Халықаралық ұшақтар Ауғанстанды айналып өте бастады

Ұшақ бағыттарын бақылайтын FlightRadar24 сайты Чикагодан Делиге ұшқан Air India лайнері Ауғанстан әуе жолынан дереу шығып кеткенін Twitter арқылы хабарлады. Бакуден Делиге баратын Terra Avia ұшағы да Ауғанстанды айналып өткен.

Халықаралық ұшақтар Ауғанстанды айналып өте бастады
фото: ашық дереккөз

Ауғанстан азаматтық авиация басқармасы коммерциялық рейс жасайтын ұшақтарды Ауғанстан аспанын айналып өтуге шақырды. Кабулға қонатын және ұшып шығатын ұшақтарды әскер бақылайды. Әлемнің көптеген елдері Кабулден азаматтарын жылдам әкетуге тырысып жатыр деп жазды "Азаттық радиосы".

16 тамызда азаматтық авиация Кабул әуе кеңістігі арқылы өтетін транзит "бақылаусыз" қалатынын мәлімдеді.

Жексенбіде "Талибан" қозғалысы Ауғастан астанасы Кабулды соғыссыз алып, қазір Кабул әуежайынан азаматтарын эвакуациялауға тырысып жатқан Батыс елдерін таңырқатты.

Германияның Lufthansa авиакомпаниясы Ауғанстан азаматтық авиация басқармасының хабарынан кейін бағытын өзгертті.

Ұшақ бағыттарын бақылайтын FlightRadar24 сайты Чикагодан Делиге ұшқан Air India лайнері Ауғанстан әуе жолынан дереу шығып кеткенін Twitter арқылы хабарлады. Бакуден Делиге баратын Terra Avia ұшағы да Ауғанстанды айналып өткен.

Жексенбіде тәліптер (Қазақстанда, тағы бірқатар елде террорлық ұйым ретінде тыйым салынған "Талибан" радикал ислам қозғалысының өкілдері) Ауғанстан астанасы Кабулды ұрыссыз алып, президент сарайына кірді. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елді тастап кетті.

Кабулға комендант сағаты енгізілді. Батыс елдерінің шағын әскери контингенті қорғап тұрған әуежай жексенбі күні дипломаттар орналасатын уақытша базаға айналды. Онда АҚШ, Франция мен Германияның дипломаттары бар. Ауғанстаннан кеткісі келетін өзге де мыңдаған адам әуежайға жиналған. Коммерциялық рейстер жексенбідегі атыстан кейін тоқтап қалған.

Дүйсенбіде жүздеген адам Ауғанстаннан кету үшін әуежай қоршауын бұзып өтіп, ұшақ траптарына қарай ұмтылды. АҚШ әскери қызметкерлері нөпірді тоқтату үшін аспанға оқ атып, ескертуге мәжбүр болған.

Пентагон АҚШ азаматтары мен АҚШ-пен ынтымақтаса жұмыс істеген ауған азаматтарын эвакуациялауға көмектесу үшін Кабулдегі әскери контингентін 6 мың адамға дейін уақытша көбейте тұратынын мәлімдеді.