Ондаған адам жарақат алды, жеті адамның жағдайы ауыр.
Чехияның оңтүстік батысындағы Домаждице қаласының маңында екі жолаушылар пойызы соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша екі адам қаза болды деп хабарлайды Paryz.kz, РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Ондаған адам жарақат алды, жеті адамның жағдайы ауыр.
Чехия Көлік министрлігінің басшысы Карел Гавличектің айтуынша, пойыз машинисінің қызыл түстен өтіп кеткені соқтығысуға себеп болған.
50-ге жуық адам жарақат алды. Жағдай күрделі. Оқиға орнына бара жатырмын, - деді Гавличек.
Кей мәлімет бойынша, 38 жолаушы жарақат алған. Оқиға орнында жедел қызмет жұмыс істеп жатыр. Үш медициналық тікұшақ, сондай-ақ, полиция әуе кемесі тартылған.
Ол жерде Мюнхен - Прага экспресі (қозғалыс ережелерін бұзған) және Пльзень қаласынан шыққан жергілікті пойыз соқтығысқан.