Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Эфиопияда 100 мың бала аштық зардабын тартуы мүмкін

Сарапшылар бұған өңірде өткен жылдан бері жалғасып жатқан қарулы қақтығыстар себеп дейді.

Эфиопияда 100 мың бала аштық зардабын тартуы мүмкін
фото: ашық дереккөз

Эфиопияның Тыграай өңірінде алдағы бір жылда 100 мыңнан аса бала аштық зардабын тартуы мүмкін. ЮНИСЕФ өкілдері осылай деп отыр деп хабарлайды Paryz.kz, 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Өйткені қазір аймақта әрбір екінші жүкті әйел не бала емізетін келіншек тойып тамақ ішпейді екен. Салдарынан нәрестелердің түрлі ауруларға шалдығу қаупі жоғары болады. Сарапшылар бұған өңірде өткен жылдан бері жалғасып жатқан қарулы қақтығыстар себеп дейді. Шиеленістер кесірінен аймаққа гуманитарлық көмектің жеткізілуі де қиын боп тұр.  

Қарулы қақтығыстар салдарынан қаншама адам бспанасыз қалды. Азық-түлік дүкендерінің біразы тоналған. Алдағы уақытта аштық деңгейі тек арта бермек. Сондықтан бізге аймаққа гуманитарлық көмек жеткізу жағын реттеу керек, - дейді ЮНИСЕФ өкілі Марикси Меркадо.