Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Пашинян депутат болудан бас тартты

Осылайша, жеңіске жеткен Пашинянның партиясы ел үкіметін қайта құрды. Бірақ ел оппозициясы сайлау нәтижелерімен келіспейді. 

Пашинян депутат болудан бас тартты
фото: ТАСС

Арменияда парламент депутаты мандатынан үміткер 18 шенеунік бұл қызметтен бас тартты. Оның ішінде «Азаматтық келісімшарт» партиясының жетекшісі, пемьер-министр Никол Пашинян да бар деп жазды The Qazaq Times сайты. 

Армения Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Армен Смбатянның мәліметінше, «Азаматтық келісімшарт» партиясының атынан 16 үміткер додаға қатысады. Пашинянмен бірге парламент спикері Арарат Мирзоян мен Роберт Кочарян да бұл лауазымнан бас тартқан. Екі саясаткер де «Армения» блогының мүшелері.

Арменияда кезектен тыс парламенттік сайлау 20 маусымда өтті. ОСК мәліметтері бойынша, саулауда «Азаматтық келісімшарт» партиясы 53,92%, Кочарянның «Армения» блогы – 21,04%, экс-президент Серж Саргсянның блогы – 5,23% дауыс жинаған.

Осылайша, жеңіске жеткен Пашинянның партиясы ел үкіметін қайта құрды. Бірақ ел оппозициясы сайлау нәтижелерімен келіспейді.