Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Үндістанда жарғанаттардың ағзасынан өте қауіпті вирус табылды

Қазіргі таңда бұл вирустан қорғайтын дәрі де, вакцина да жоқ. Вирустың өлімге әкелетін қаупі - 40-75%. 

Үндістанда жарғанаттардың ағзасынан өте қауіпті вирус табылды
фото: ашық дереккөз

Үндістанда арты өлімге әкелетін Нипах вирусы табылды. Қауіпті вирус жарғанаттардың ағзасынан анықталды деп хабарлайды Paryz.kz, РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Вирусты Үндістанның Ұлттық вирусология институтының зерттеушілері тапты. Ауру қоздырғыштарының тасымалдаушылары жарқанаттар болып шықты. 

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жарқанаттардың ағзасынан анықталған вирустарды әлемдегі ең қауіпті санайды. Бұл инфекция жануарлардың сілекейі жағылған жемістер арқылы адамға жұғады", - деп жазады үндістандық ғалым. 

Қазіргі таңда бұл вирустан қорғайтын дәрі де, вакцина да жоқ. Вирустың өлімге әкелетін қаупі - 40-75%. 

Бұған дейін вирус Үндістанда 2001 және 2007 жылы тіркелген. Содан кейін тағы екі рет - 2018-2019 жылдары анықталыпты. 

Ғалымдар ауру қоздырғышын әлі зерттеу керектігін жеткізді. Қазіргі таңда қолда бар ақпарат бойынша қорытынды жасау қиын болмақ, - дейді олар.