Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Қытайда жүргізушісі жоқ таксилер жүре бастады

Сондай-ақ бұл таксилерді 2022 жылы Бейжіңде қысқы олимпиадалық ойындарды өткізу кезінде пайдалану жоспарланғандығы атап өтілген. 

Қытайда жүргізушісі жоқ таксилер жүре бастады
фото: m.hightech.plus

Биыл мамыр айынан бастап Baidu қытай компаниясы Шоуган Бейжің паркінде Apollo Go Robotaxi жүргізушісі жоқ таксилері іске қосылды деп хабарлайды Paryz.kz.

Robotaxi жүргізушісіз таксилердің қызметіне жүгіну үшін жолаушылар Apollo Go қосымшасын қолданады. QR-кодты және автокөліктің бүйір жағындағы медициналық кодты сканерлеу арқылы көлікке отырады. Жолаушылар «Саяхатты бастау» батырмасын басып, көлікті іске қосады. Қауіпсіздік белдігі тағылып, есіктері жабылғаннан кейін ғана таксилер жүре бастайды.

Бастапқыда робот-таксилер жолаушыларды Шоуган паркіндегі спорт залдарға, жұмыс орындарына, дәмхана мен қонақ үйлерге жеткізеді.

"Автономды жүргізуді коммерцияландырудың міндетті кезеңі - жүргізушісіз қызметті енгізу", - деп мәлімдеді Baidu компаниясының вице-президенті және бас директоры Юньпэн Ван.

Robotaxi таксилерді 18 бен 60 жас аралығындағы жолаушылар пайдалана алады, әр жол ақысының құны 30 юань немесе 4,5 доллар.

Сондай-ақ бұл таксилер 2022 жылы Бейжіңде қысқы олимпиадалық ойындарды өткізу кезінде пайдалану жоспарланғандығы атап өтілген.