Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Солтүстүк Кореяда АҚШ видеоларын көргендер өлім жазасына кесіледі

Қазіргі таңда Солтүстік Кореяда миллиондаған адам кедейшілік пен аштық жағдайында өмір сүруде. Шетелдік кино-сериалдардан жақсы тұрмыс, думанды қала өмірлерін көру елдегі қарапайым тұрғындардың қалыптан тыс «хоббиына» айналған.

Солтүстүк Кореяда АҚШ видеоларын көргендер өлім жазасына кесіледі
фото: facebook.com/bochkala

Солтүстік Корея лидері «реакцияшыл көзқарастағыларға қарсы» деген жаңа заң жобасын қабылдатты. Бұл заң шетелдің бейнетаспаларын көргендерді, киімдерін кигендерді, шетелдіктерге еліктеп сөйлегендерді жазалайды деп хабарлайды Paryz.kz, qazaqtimes.com-ға сілтеме жасап.

Тіпті, АҚШ пен Жапонияның көп сандағы видеоларымен ұсталғандар өлім жазасына кесілмек. Шетел видеоларын көру үстінде ұсталғандарға 15 жылға дейін қамау жазасы тағайындалған. Қазірге дейін әлеуметтік желілері жоқ азаматтар тек үкімет рұқсат еткен бірнеше сайтқа ғана кіре алатын Солтүстік Кореяда осындай жаңа шектеулер кіргізілуде.

КХДР лидері Ким Жоң Ун (Ким Чен Ын) жақында елдегі «Жастар лигасына» қарата мәлімдеме жасап, «күдікті, қоғамға қарсы және өзімшіл» жастарды жазалауға шақырды. Бұл мәлімдемесінде шетелдің кимдері, шаш үлгілері, сөз сөйлеуін «қорқынышты у» деп бағалап, ел жастарын «уланбауға» шақырған.

Оңтүстік Кореяның және өзге шетелдік сарапшылар Солтүстік Корея лидерінің бұл қадамын «қарусыз соғыс» деп бағалауда. Себебі, бұл жаңа заң жобасын Оңтүстік Кореяда шығатын "The Daily NK" басылымы бірінші болып жариялаған.

Қазіргі таңда Солтүстік Кореяда миллиондаған адам кедейшілік пен аштық жағдайында өмір сүруде. Шетелдік кино-сериалдардан жақсы тұрмыс, думанды қала өмірлерін көру елдегі қарапайым тұрғындардың қалыптан тыс «хоббиына» айналған. Онсыз да әлеуметтік жағдайы ауыр елде пандемия кезіндегі шектеулер тіпті де оңашалап тастаған.