Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Президенттің туысы қамауға алынды

Asia-Plus-тің хабарлауынша, Нахшов алдымен қашып кеткен, бірақ кейін өз еркімен кінәсін мойындаған.

 

 

 

Президенттің туысы қамауға алынды
фото: ашық дереккөз

Тәжікстан президенті әйелінің немере інісіне үлкен көлемде айыппұл салынады немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады деп хабарлайды Paryz.kz. 

36 жастағы Нахшов Амриддин Данғара ауылындағы дәмханада болған жаппай төбелеске қатысты. Оқиға салдарынан 10-ға жуық адам зардап шекті, оның төртеуі пышақ жарақатын алған. Зардап шеккендердің арасында Ауғанстанның төрт азаматы бар.

Asia-Plus-тің хабарлауынша, Нахшов алдымен қашып кеткен, бірақ кейін өз еркімен кінәсін мойындаған.

Радио Озоди атап өткендей, Эмонали Рахмонның әйелінің немере інісі өз еркімен берілгенге дейін Данғарада емін-еркін жүрген, оны ұстауға ешкімнің дәті бармаған.

"Нахшов қозғалған қылмыстық іс аясында қамауға алынды, алдын ала тергеу жүргізілуде", - делінген Ішкі істер министрлігінің хабарламасында.

Нахшов қамауға алынғанға дейін алтын өндіретін кәсіпорынды басқарған.