Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Қазақстан түрік көліктерін Орталық Азияға өткізбей жатыр екен

Халықаралық көліктер қауымдастығының айтуынша,  35 мың экспорттық сапар кейінге қалдырылған. 

Қазақстан түрік көліктерін Орталық Азияға өткізбей жатыр екен
фото: «Коммерсантъ»

БАҚ-та Орталық Азияға апаратын жалғыз Ресей-Қазақстан жолынан түрік көліктері өте алмайтын болды деген ақпарат тарады деп Paryz.kz

Turkiyegazetesi басылымының жазуына қарағанда, Әзербайжан, Иран-Түрікменстан жолдарының жабылуына байланысты Қазақстан-Ресей тас жолы Орта Азияға өтетін жалғыз бағыт болатын. Алайда Қазақстан түрік көліктері үшін өтпелі жолды жауып тастаған.

Транзиттік құжаттарының жарамсыз болып қалуына байланысты түрік көліктері 4 айға жуық уақыт бойы Орталық Азия аумағына кіре алмай тұр. Халықаралық көліктер қауымдастығының айтуынша,  35 мың экспорттық сапар кейінге қалдырылған.

"Тек түрік көліктеріне арналған бұл кедергі - бүкіл түркі әлеміне жасалған әділетсіздік. Түркі әлемінің экономикалық ынтымақтастығы жүк тасымалынсыз жүзеге аспайды", – деп бағалады Халықаралық көліктер қауымдастығы.