Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

"Лайықты киім киіп келіңіз": Парламент спикері депутатты залдан қуып шықты

Бұл оқиға әйел депутаттардың және әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын тудырды. 

"Лайықты киім киіп келіңіз": Парламент спикері депутатты залдан қуып шықты
фото: дереккөз

Танзанияда парламент отырысына тырысқан шалбар киіп келген депутатты жиыннан қуып жіберді деп хабарлайды Paryz.kz.

BBC-дің жазуынша, Танзания парламентінің отырысы кезінде жанжал туындаған. Депутаттардың бірі Хусейн Амар Кондестера Сичвале есімді әріптесінің тырысқан шалбар киіп алғанын ұнытпай, оған шүйліккен. Ақыры ол депутаттың залдан шығып кетуіне себепкер болған.

Хусейн Амар спикер Джоб Ндугаиға залда отырған депутатқа лайық киім кию керектігі туралы ескерту жасау керектігін айтты. Мәселен, оған депутат Сичваленің шалбарды тырыстырып киіп алғаны мүлде ұнамаған. 

"Парламент – қоғам айнасы, ал кей әйелдер осындай киім кие отырып, заң шығарушы болғысы келеді. Олар адамдарға қандай үлгі көрсетпек?", - деп күйінді Хусейн Амар.

Спикер депутаттың пікірін қолдап, Сичвалеге отырысқа лайықты киім киіп, содан кейін қайта келуін сұраған. Осылайша, Сичвале залдан шығып кеткен. 

Бұл оқиға әйел депутаттардың және әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Спикердің шешімін "әділетсіз" деп есептейтіндер оның Сичваледен кешірім сұрауын талап етіп жатыр.

"Киімге емес, елді басқаруға қатысты маңызды істерге назар аударыңдар", - деп жазды желі қолданушылары.

Алайда спикер көпшіліктің сын-пікірлеріне пысқырып отырған жоқ. Ол әйел депутаттардың киіміне қатысты шағым жиі айтылатынын алға тартады.