Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Ауа райының күрт бұзылуынан 21 марафонға қатысушы көз жұмды

Жеңіл киінген марафоншылар тоңып, көбінің дене температурасы түсіп кеткен.

Ауа райының күрт бұзылуынан 21 марафонға қатысушы көз жұмды
Фото: дереккөз

Қытайдың солтүстік-батыс аймағында қатты жел мен нөсер салдарынан марафонға қатысушы 21 адам қаза тапты. Бұл туралы CNN хабарлайды.

Жүгіру марафоны Ганьсу провинциясындағы таулы аймақта өткен. 100 шақырым қашықтыққа жүгіру жарысына 172 адам тіркелген. Марафон басталмас бұрын ауа райы ашық болғанымен, кейін күн күрт суытып, қатты жел тұрып, бұршақ аралас жауын жауған.

Жеңіл киінген марафоншылар тоңып, көбінің дене температурасы түсіп кеткен. Температураның нөлге дейін күрт төмендеуіне байланысты спортшылардың оннан бір бөлігі гипотермиядан қайтыс болды. Ұйымдастырушылар марафонды тоқтатып, мыңнан аса құтқарушы жарысқа қатысушыларды іздеуге аттанған. Зардап шеккендердің арасында ұлттық рекордшы Лян Цзин бар. Сегіз адам ауруханаға жеткізілді.

Жергілікті билік оқиғаны тергеу үшін арнайы топ құрғанын мәлімдеді.