Олардың саны күн санап өсіп жатыр.
Қазан қаласындағы мектепте атыс ұйымдастырған Ильназ Галявиев жасөспірімдер арасында танымалдыққа ие болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мектеп оқушылары жайратып салған қаскөйдің жанкүйерлері пайда болып, олардың саны күн санап өсіп жатыр.
"Мен оның әрекетін ақтамаймын! Бұл қорқынышты болды. Бірақ аккаунт оның сыртқы келбетіне арналған. Себебі ол келбетті", - делінген топтардың бірінің сипаттамасында.
Айта кетсек, 19 жастағы Ильназ Галявиев Қазандағы мектеп-гимназиясына қарумен келіп, шабуыл жасаған. Нәтижесінде жеті оқушы мен екі ұстаз көз жұмды. Қазір қаскөй түрмеде, ол өмір бойына бас бостандығына айырылуы мүмкін. Дәрігерлер оның шизофренияға бейім екенін айтқан.