Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

"Батька" қорқып қалған сияқты: Лукашенко билікті сақтап қалуға қатысты құжатқа қол қойды

Декретке сәйкес елді төтенше немесе әскери жағдай енгізіледі.

"Батька" қорқып қалған сияқты: Лукашенко билікті сақтап қалуға қатысты құжатқа қол қойды
Фото: ашық дереккөз

Беларусь президенті Александр Лукашенко 9 мамырда «Егемендік пен конституциялық құрылымды қорғау» туралы декретке қол қойды. 

Құжатта президент кенеттен қайтыс болған жағдайда билікті сақтап қалудың сценарийі жазылған. 

Осы сценарий бойынша, егер президент қастандықтың немесе террорлық актілердің, ішкі агрессияның, басқа да зорлық әрекеттердің құрбаны болған жағдайда барлық мемлекеттік билік Қауіпсіздік кеңесінің құзырына өтеді. Кеңестің жұмысына премьер-министр жетекшілік етеді. 

Декретке сәйкес елді төтенше немесе әскери жағдай енгізіледі. Билікті барлық буыны Қауіпсіздік кеңесінің шешімдерін бұжытпай орындауға міндеті болады. Бұдан кейін жаңа президентті сайлау өтеді.

Сайлаудың тәртібін Қауіпсіздік кеңесі губернаторлармен бірлесіп шешеді. 

Жуырда Беларусьте президентке қастандық жасаушылардың әрекеті әшкерленді. Осыдан кейін «Батька» қорқып қалған сияқты. Ол жуырда өзінің билігіне наразылық білдірушілерді қолдағаны үшін 80 бұрынғы әскери қызметшілер мен күштік құрылымдардың өкілдерін арнаулы атақтарынан айыру туралы Жарлық шығарды.