Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

25 жастағы келіншек бірден 9 сәби босанды

Басылым мәліметінше, Республиканың денсаулық сақтау министрлігі әйел мен нәрестелердің жағдайы жақсы екенін мәлімдеген.

25 жастағы келіншек бірден 9 сәби босанды
Фото: ашық дереккөз

Африканың батысындағы Мали елінің 25 жастағы тұрғыны бірден тоғыз баланы өмірге алып келді. Оның бесеуі – қыз, төртеуі – ұл, деп хабарлады Риа Новости. 

Басылым мәліметінше, Республиканың денсаулық сақтау министрлігі әйел мен нәрестелердің жағдайы жақсы екенін мәлімдеген.

"2021 жылдың 4 мамырында Халима Сиссе кесарь тілігі арқылы жеті баланың орнына тоғыз сәби өмірге алып келді. Мали мен Мароккода өткен ультрадыбыстық зерттеуден кейін әйелдің жеті бала көтеріп жүргені айтылған болатын. Жаңа туған нәрестелердің жағдайы жақсы", - деп хабарлады Малидің денсаулық сақтау министрлігі.

Ел президенті Ба Ндау да бұл жаңалықты қуанышпен қабылдағанын жасырған жоқ. Ол жаңа босанған әйелді елдің астанасындағы ауруханада екі апта болғаннан кейін мароккалық клиникаға ауыстыруды тапсырды. Елдің денсаулық сақтау министрі Фанта Сиби әйелді босандырып алған акушерлерді құттықтады. Ол мамандардың арқасында жүктіліктің жақсы өткенін жеткізген.

Айта кетейік, тоғыз баланың анасы - 25 жаста.