Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Шыңжаңдағы геноцид үшін Қытайға ЕО, АҚШ, Ұлыбритания, Канада санкция салды

Бұл - одақтың 1989 жылы Тяньаньмэнь алаңындағы қанды репрессиядан кейін қытайлық шенеуніктерге бағытталған алғашқы санкциясы.

Шыңжаңдағы геноцид үшін Қытайға ЕО, АҚШ, Ұлыбритания, Канада санкция салды
фото: ашық дереккөз

Шыңжандағы адам құқығы проблемалары үшін АҚШ, ЕО, Ұлыбритания, Канада билігі Қытай шенеуніктеріне қарсы санкцияларды бастады. Олар дүйсенбіде Шыңжаңдағы адам құқығының ауыр дәрежеде бұзылғанын мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz, qamshy.kz-ке сілтеме жасап.

"Халықаралық айыптаулар күшейсе де Қытай Шыңжаңда геноцид пен адамзатқа қарсы қылмыстарды жалғастыруда", - деді осы аптада Брюссельде ЕО және НАТО-ның ресми тұлғаларымен кездесетін АҚШ Мемлекеттік хатшысы Антоний Блинкен.

"Бұл іс-шаралар біздің адам құқықтарын құрметтеуді алға жылжыту үшін көпжақты жұмыс істеуге жетелейді және Қытай үкіметі мен Қытай коммунистік партиясындағы осы қатыгездікке жауапты адамдарға қысым жасау - біздің тұрақты ұстанымымызды көрсетеді", - деді ол.

ЕО алдымен өз санкцияларын жариялап, Шыңжаңдағы 4 шенеунік пен 1 ұйымның атын атады. Бұл - одақтың 1989 жылы Тяньаньмэнь алаңындағы қанды репрессиядан кейін қытайлық шенеуніктерге бағытталған алғашқы санкциясы.

Ақпаратқа сәйкес, Еуропалық Одақ, Ұлыбритания, Канада және АҚШ санкциялары Қытайдың миллиондаған ұйғыр, қазақ және басқа да этникалық азшылықтарды қайта тәрбиелеу лагерлеріне қамағаны үшін салынып отыр. Алайда, Бейжің бұл лагерьлер кәсіптік оқыту орталығы және терроризммен күресу күштерінің бөлігі екенін айтады.

"Шыңжаңдағы адам құқықтарының жаппай бұзылуының дәлелдерін, соның ішінде жаппай қамау мен бақылау, азаптау және мәжбүрлі аборт туралы хабарларды ескермеуге болмайды", - деді Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Доминик Рааб.

Ол Қытайдың Шыңжаңдағы аз ұлттарға деген қарым-қатынасын "екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі этникалық және діни топты жаппай ұстау" деп мәлімдеді. Ал АҚШ өкілі:

"Біз бүкіл әлемдегі одақтастарымызды ҚХР қылмыстарын тез арада тоқтатуға және көптеген құрбандар үшін әділеттілікке шақырамыз", - деді.