Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Өзбекстанда баласына заңсыз діни тәрбие берген ата-аналарға айыппұл салынады

Өзбекстанда баласына заңсыз діни білім беретін ата-аналар енді әкімшілік жауапқа тартылады, деп хабарлайды Paryz.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Өзбекстанда баласына заңсыз діни тәрбие берген ата-аналарға айыппұл салынады
Фото: Kazinform

Аталған өзгеріс Өзбекстанның Әкімшілік жауапкершілік туралы кодексіне енгізілді.

Оған сай, баласына дін негіздерін дұрыс түсіндірмеген және заңсыз діни тәрбие берген ата-аналарға 5-тен 10 есептік шамаға дейін (70-144 мың теңге аралығы) айыппұл салынады.

Егер осындай әрекеттер қайталанатын болса, онда кінәлілер 10-15 базалық есептік шама (144-218 мың теңге) көлемінде айыппұл төлеуі тиіс.