Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ лидері Дональд Трамп ақпан айының соңына дейін немесе одан кейін кездесу өткізуі мүмкін. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Песковтың айтуынша, Путин мен Трамптың кездесуі үшін алдымен Ресей Сыртқы істер министрлігі тарапынан белгілі бір дайындық қажет.
Қазіргі менің негізгі міндетім – алдымен екіжақты қарым-қатынастарды қайта жандандырып, содан кейін қалпына келтіру. Кешегі талқылау да осы туралы болды. Бұрынғы АҚШ әкімшілігі бұл қарым-қатынастарға әдейі нұқсан келтірді, ал қазір олардың жағдайы өте ауыр, - деді Песков журналистерге.
Сондай-ақ ол Ресей президенті Владимир Путин Украина мәселесі бойынша келіссөз жүргізушіні АҚШ-тың шешіміне қарай тағайындайтынын айтты.
Алдымен америкалық тарап бізге Украина мәселелері бойынша негізгі келіссөз жүргізушісінің кім болатынын хабарлайды. Содан кейін АҚШ өз өкілін ұсынған соң, біздің президентіміз де соған сәйкес өзінің өкілін таңдайды, - деді Дмитрий Песков.