Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Вакцинация алған бас санитарлық дәрігер вирусты қайта жұқтырды

Еуропаның бірқатар елі вакцинадан кейін науқастарда қанның ұюы пайда болуына байланысты AstraZeneca вакцинасын егуді тоқтатты.

Вакцинация алған бас санитарлық дәрігер вирусты қайта жұқтырды
фото: ашық дереккөз

Украинаның бас санитарлық дәрігері Виктор Ляшко вакцина салдырғаннан кейін екі аптадан соң қайтадан коронавирус жұқтырды. Ол бұл туралы Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлады paryz.kz.

"Мен Сovid-19 ПТР-тестінің оң нәтижесін алдым. Мен вакцинадан иммунитет әлі толық қалыптаспаған кезеңде болдым", - дейді Виктор Ляшко.

Ол вакцинадан кейін 13-ші күні жұқтырғанын нақтылады. Бұл ретте вакцинаның бір реттік стандартты дозадан кейінгі тиімділігі 22-ші күннен 90-шы күнге дейін 76%-ды құрайтынын көрсетті.

"Вакцинаның арқасында ауру асқынусыз өтеді және жақын арада жұмысқа оралуға болатынына сенімдімін", - дейді Украинаның бас санитарлық дәрігері.

РБК-Украина хабарлағандай, бас санитарлық дәрігер Виктор Ляшко 2 наурызда AstraZeneca вакцинасымен коронавирусқа қарсы екпе алды. Вакциналау процесі "Украина 24" арнасында көрсетілді.

Украина бұл вакцинаның алғашқы партиясын 23 ақпанда алды, ал халықты жаппай егу 25 ақпанда басталды.

Еуропаның бірқатар елі вакцинадан кейін науқастарда қанның ұюы пайда болуына байланысты AstraZeneca вакцинасын егуді тоқтатты. Вакцинаны қолдану Австрия, Дания, Норвегия, Исландия, Эстония, Литва, Люксембург, Латвия, Болгария, Конго, Ирландияда да тоқтатылды.

15 наурызда AstraZeneca вакцинациясы Германия, Франция және Италияда да тоқтады.