Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Депутаттар Әбу-Дабидегі қонақ үйдің мейрамханасында төбелесіп қалды

Әбу-Дабиде «Грузияның арманы» атты Грузия партиясының екі депутаты мейрамханада өзге отандастарымен төбелес қалған, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Депутаттар Әбу-Дабидегі қонақ үйдің мейрамханасында төбелесіп қалды
фото: видеодан скриншот

Екі депутат, яғни, Ираклий Заркуа мен Виктор Саникидзе Әбу-Дабиде демалып жатқан қонақ үйлерінің мейрамханасына барып, тамақ ішіп отырған. Жандарына тағы бір грузин келіп, оларды балағаттай бастаған.

 Дереккөзге сүйенсек, соңғы келген адам оппозиция өкілі. Олардың төбелескен видеосы әлеуметтік желілерде тарап кеткен.

Тбилиси мэрі Каха Каладзе бұл оқиғаға түсініктеме бере келе, ешкім ешкімді балағаттай алмайды деген.

 «Тамақ ішіп отырған біреуге келіп оны балағаттау - теріс. Мен үшін зорлық-зомбылықты ақтауға орын жоқ», – деді Каладзе.